Павлодарлық мұғалім Алматыда өткен әскери қолданбалы спорт түрлері турнирінде жеңімпаз атанды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 80-нен астам қатысушы қатысқан. Толығырақ алдағы сюжетте.
Турнирді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналы ұйымдастырды. Ол ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Турнир осымен дәстүрлі түрде 8-ші рет өткізілді.
Нұрлан Талдыбекұлы запасқа алынғаннан кейін 6679 әскери бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Соңғы екі жылда Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінде техникалық дайындық пәнінен сабақ беріп, отбасылық ұстаздық қызметті жалғастырып келеді. Оның әулетінде атасы мен әке-шешесі тарих пәнінің мұғалімі болған. Ал өзі бала кезінен музыкаға әуес болып өскенін айтады.
Қазіргі таңда Нұрлан Нұрпейіс жетекшілік ететін колледжде «Сұңқар» әскери-патриоттық клубы жемісті жұмыс істеп келеді. Онда жалпы саны 500-ден астам шәкірт бар. Қатарында республикалық, облыстық тіпті халықаралық байқаулардың жүлдегерлері де бар. Ұстаздың айтуынша колледжде қазақ ұлт аспаптарды дәріптейтін ансамбль құру жоспарда бар.
Қымбат Садық