Павлодарлық скрипкашылар Дубайдан жүлделі оралды. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен ауқымды додада Павлодар музыка колледжінің студенттері жеңімпаз атанып, үздіктер қатарынан көрінді.

Таяу Шығыс классикалық музыка академиясы 4 рет өткізілді. Жоба аясында жас музыканттар әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары музыкалық мекемелердің үздік педагогтарының шеберлік сабақтарына қатысып, белгілі орындаушылармен бір сахнада өнер көрсетті. 8 - ші скрипкашы-Құрметті білім беру қызметкері Яна Касьянның шәкірттері фестивальдің 500-ден астам қатысушыларының қатарында.

Жас скрипкашылар сапар барысында белгілі композитор - Алексей Шордың шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, Дубай Опера сахнасында симфониялық оркестр мен Еуразиялық скрипкашылар ансамблінің бірнеше құрамында әлемдік классикалық музыка туындыларын орындады.

Байқау қорытындысы бойынша жерлестеріміз "Capriccio" ансамблінің құрамында өнер көрсетті. Жеңімпаздардың концертмейстері Қарлығаш Исина екенін атап өту керек.

Ақмаржан Қалымбек Дария Жумабекова