Балалар арасында жұқпалы аурулар көбейіп жатыр. Жиі кездесетін аурулар қатарында қызылша, көкжөтел және жіті респираторлық вирустық инфекция бар. Жеткіншектерді дерттен сақтау және алдын алу жолдары туралы мамандар баспасөз мәслихатында айтты. Толығырақ – келелсі сюжетте.
Қызылша жұқтыру деректері тіркелгелі бері облыс бойынша аурудың 1087 фактісі анықталды. Облыстық аурухананың инфекциялық стационарында биыл 169 бала ем қабылдаған. Балалардың 86,3%-дан астамы екпе алмаған болып шықты.
ӘСЕЛ БАЙҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.
Былтыр қызылшаны 220 бала жұқтырған. Өткен жылы қызылша жұқтырғандар стационарлық емдеуге түскен жоқ. Ауру жұқтырған балалардың 86 пайыздан астамы екпе алмаған
Қазір облыстың балалар инфекциялық стационарларында жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған 96 бала және қызылша жұқтырған 42 бала ем алып жатыр.
ӘСЕЛ БАЙҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢМ.А.
Қазір облыста қызылша жұқтырған балалардың саны – 42. Оның ішінде облыстық балалар ауруханансында 16 бала, Екібастұзда 19 және Ақсу қалалық ауруханасында 7 бала ем қабылдап жатыр. Бүгінгі таңда, иммундауға жататын халықтың 77 пайызы екпе алған. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін кемінде 95 пайыздық көрсеткіш болуы крек.
Сондай-ақ, Павлодар облыстық балалар ауруханасының инфекциялық станционарында жыл басынан бері көкжөтел жұқтырған 27 бала ем қабылдады. Дертті жұқтырған балалардың барлығы екпе алмаған. Ал өткен жылдың осы кезеңінде көкжөтел бойынша деректер тіркелмеген, - дейді мамандар.
Жұлдыз Қабылденова