Павлодарда 5512 әскери бөлімінде жаңа казармалардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Үй-жай заманауи талапқа сай салынған. Нысанның ашылу салтанатына Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қатысып, әскери бөлім қызметіне сәттілік тіледі.
Сарбаздар сап құрып, жаңа үй-жайдың ашылу салтанатын күтуде. Бұл барша әскери бөлімнің көптен күткен сәті. Ал, оның ерекшелігі неде? Артықшылықтары қандай? Сарбаздардың қызметіне қаншалықты ыңғайлы? Бұны алдымен жауынгерлердің өзінен сұрадық.
Артынша ұлттық ұланның бас қолбасшысы, сондай-ақ, облыс әкімдігінің өкілі келіп, сарбаздарды осынау салтанатты сәтпен құттықтады.
Лента қию рәсімінен соң біз де үй-жайдың ішіне ендік. Қонақтармен бірге араладық. Нысан сарбаздардың қызмет атқаруына қажетті барлық кабинеттермен қамтылған. Жатын орынан бастап, тұрмыстық бөлмелер де жасақталған. 4 бірдей модульді әскери казарма әскери бөлімдегі штат санының көбеюіне байланысты салынды деді әскери бөлім қызметкерлері. Әрине, бұл нысанды салудағы жалғыз себеп бұл емес.
Бұндай үлгідегі казармалары салу жұмыстары соңғы бірнеше жылда ғана қолға алына бастаған. Осылайша Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерін осы стандарттағы үй-жайын қамту алдағы міндетке айналған. Бір қабатты үй-жай жауынгерлік мобилділікке де, теориялық оқу-жаттығуға да оңтайлы дейді әскерилер.
Жанасыл Серікбол