Көктемнің жайма шуақ күндері аналар мерекесімен бастау алды. Барлық құрмет пен қошемет нәзік жанды арулар мен ақ жаулықты аналарға арналады. Олардың қатарында ер адамдармен тең еңбек ететін полиция қызметкерлері де бар.

Полиция ханымдарын әріптестері гүл шоқтарын сыйлап қарсы алды. Бұдан кейін мәжіліс залында салтанатты қошеметтеу рәсімі өтті. Департамент басшылығы нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.

Форма киген ханымдар ұқыптылық пен ептілік танытып, тек сүйкімділікпен ғана емес қырағы істермен ерекше. Олардың қатарында Қайыргүл Оналбай бар. Құқық қорғау саласында 17 жыл еңбек етеді. Аса маңызды істер жөнінде жедел уәкіл.

Әйел бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербетеді. Қазір әрине, аруларымызға артылған жауапкершілік көп. Қайыргүл Оналбаева,аруларымыз әр жағдайға дайын болу керек екенін айтады.

Ал 39 жастағы Ирина Емцова, тікелей жасөспірімдермен жұмыс жасайды. Бұл салада ол 21 жыл еңбек етеді.

Мерейлі күнге барлық нәзікжандылар құрметтелді.

Кейінен шара концерттік бағдарламаға ұласты.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК. ЕА