Халықаралық әйелдер күнінде саналы ғұмырын мұғалімдік қызметке арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаз жайлы айта кеткен жөн. Солардың бірі – Дариға Ибраева. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Ұлағатты ұстаз Қытай Халық Республикасында дүниеге келіп, 1955 жылы елге көшіп келген. Май ауданы, Малайсары ауылындағы білім ордасында бастауыш сыныптарға сабақ беріп, отыз жылдан астам уақыт жемісті еңбек етті. Ал, жалпы еңбек өтілі 41 жыл. Бүгінде шәкірттері шыңға шығып, биік белестерді бағындырған. Мамандығым мақтанышым дейді Дариға Ибраева.

ДАРИҒА ИБРАЕВА, ҚР ОҚУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ, АРДАГЕР ҰСТАЗ

Жылы Павлодар педагогикалық Воровскй атындағы училищені бітіріп, жас ұстаз болып келдім. Осы мектепте 2001 жылға дейін отыз жыл мұғалімдік бастауыш сыныптар атқардым, 10 рет бастауыш сынып түлектерін ұшырдым. Осы мектепті бітірдім, ұстаздық жолымды бастадым, мен үшін өте керемет ыстық мектеп.

Зейнеткер ұстаздың еңбек жолы тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі жылдардан тұрады. Оның айтуынша, өмірдің күйбең тірлігі емес, ұстаздық қызметі әрқашан бірінші орында болған. Әрі шәкірттеріне білім берудің алдында үлкен тәрбие болуы тиіс деп санайды.

ДАРИҒА ИБРАЕВА, ҚР ОҚУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ, АРДАГЕР ҰСТАЗ

Білім беру үшін адамда бірінші – тәрбие болу керек. Бала мынаны істеуге болады, болмайды,жаман мен жақсы дегенді білу керек. Және білімді алып меңгере бастағаннан кейін, өздігінен жұмыс істеуге баулу керек.

Дариға Әукенқызы бірнеше оқулықтардың аваторы, әрі жоғары марапаттардың иегері. Оның айтуынша, бүгінде заман талабына сай білім беретін жас мамандар ілгері қадам басып келеді.

ДАРИҒА ИБРАЕВА, ҚР ОҚУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ, АРДАГЕР ҰСТАЗ

Жастар өте білімді, жан-жақты, алға мақсат қоя алады, оқушылардың мотивацияларын жоғары көтере алады. Тек қана ата-анамен тіл табысып, ерінбей жұмыс істеу керек. Ата-ана, мұғалім, оқушы осы үштікті мықты ұстану керек.

Мыңдаған шәкірттер білім беріп, қияға қанат қаққызған осындай ардагер ұстаздардың ісі көпке үлгі.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА, МАЙ АУДАНЫНАН