8 наурыз – халықаралық әйелдер мейрамы жақындап қалды. Бұл күні ер азаматтар жақын адамдарының көңілдерін көтеріп, сыйлықтар ұсынады. Мереке қарсаңында жиі сатып алынатын сыйлықтардың бірі – гүл шоғы. Ал гүлдердің қандай түрлері танымалдылыққа ие? Келесі материалда.

Сыйлық адам көңіліне жол табар төте жол. Жақын жандарға меркелер немесе айрықша сәттерде ақ пейілін білдурі үшіне сыйлық ұсынады. Ал, 8-наурыз әйел күнінде көпшілігі нәзік жандыларға гүл шоқтарын ұсынады.

ЮЛИЯ МАЛАЯ,ФЛОРИСТ

Мерекелер қарсаңында гүлге сұраныс өте көп,біз алдын ала тапсырыс беру бойынша және жеткізу бойынша жұмыс жасаймыз.

Гүлдердің түсі мен түрі көп нәрсені білдіріп тұрады. Сондықтан, гүл шоқтарын сыйлаудың өзіндік әдебі бар. Әлі бүр жармаған ақ раушанды "Мен сізді жақсы көремін, бірақ сіз тым жассыз" деген ойды жеткізерде сыйлайды. Сондай-ақ, тұрмыс құрмаған қызға қандай гүл сыйласаңыз да, толық бүр жармаған гүл болғаны абзал. Ежелден махаббаттың нышаны болып келе жатқан қызыл раушан гүлдері 8-наурыз мерекесіні басты сыйы екені сөзсіз.

ЮЛИЯ МАЛАЯ,ФЛОРИСТ

Ең көп сұранысқа ие гүлдер бұл қызғалдақ,хризантема және раушан гүлдері.

Мереке қарсаныңда студенттер барша әйел қауымын,ата-аналарын мерекемен құттықтап,жылы лебіздерін білдірді.

Алдымен барша қазақстандықтарды,соның ішінде барша әйелдер қауымын келе жатқан 8- наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.Барша әйелдер қауымына зор денсаулық,мол табыс ашық аспан тілеймін. Енді соның ішінде мен өзімнің анама,әжеме,әпкелеріме,қарындастарыма осы келе жатқан 8-наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Енді мен өзім қазіргі таңда алыста жүргендіктен оқуда,барынша мейірім мен шапағатымды бөлуге тырысамын. Арасында сыйлықтар жіберіп тұрамын.Тек қана 8-наурызда емес.Солай әрі қарай жалғаса береді деген ойдамын.

Гүл сыйлаудың тарихы тереңде. Әсері де бөлек. Тіпті, Адам ата мен хауа анадан бері келе жатқан дәстүр екендігі айтылады.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ ЕА