Павлодарда Ақмола облысы Қосшы қалалық ұлттық музыкалық аспаптар мұражайынан жеткізілген жәдігерлер көпшілікке ұсынылды. Шара аясында танымдық кеш ұйымдастырылып, ежелгі музыкалық аспаптар жайлы дәріс айтылды.

Қосшы қаласында былтыр ғана құрылған мұражай қорында қазіргі уақытта 1600 ден астам музылкаық аспап бар. Ұлт мәдениетінің, музыкасының терең әрі бай мазмұнға ие екендігін осы мұражай дәріптеп, ғылыми негізде зерттеуде. Мұражай тарапы алғаш рет көшпелі көрме ұйымдастырып, наурыз қарсаңында Павлодар өңіріне ат басын тіреді.

Бұнда жиналған аспаптар халық ішінен экспидиция негізінде жиналған. Сонымен қатар ғылыми еңбектерге сүйене отырып, қалыпқа келтірілген аспаптар да бар. Музейдің ерекшелігі халыққа қол жетімділігінде. Бұнда әр адам аспапты ұстап көріп, ойнап, тіпті, қолөнерге икемі барлар өз қолдарымен жасап та көреді. Шара аясында музейдің негізін қалаушы әрі ұйымдастырушы Азамат Бақия көпшілікке саз аспабын жасау шеберлігін көрсетті.

АЗАМАТ БАҚИЯ, ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МҰРАЖАЙЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Он екі жасымнан аспап жасаумен айнеалсып келе жатырмын. Бұл қазақтың даласында көптеген еңбектер қалдырылған. Соның бәрімен таныстым. Халықтың мұрасын жинадым. Ең соңына осындай мұражай болып, насихаттап жүрміз осылай....0.340.42 Қазақта 120 дан астам музыкалық аспаптың түрі бар екен. Шотландықтардың молынка деген аспабының қазақта төрт түрі бар. Осы аспаптар туралы ертерктегі жазбаларда жазылған сол бойынша жаңғырып жатыр

Мұражай аспаптарды қалпына келтіріп қана қоймай, оны қайтадан халық арасына кеңінен таратып, қолданысқа енгізуді мақсат етеді. Ол үшін аспаптың тарихы мен мазмұын білу керек. Ал ол мәліметтер бұрынғы және кейінгі жазылған кітап беттерінде. Шара аясында көпшілік ежелгі аспаптарды қолдарымен ұстап көрді. Дауылпазды әңгір таяқпен ұрып та көрді.

БАЯНДЫ САХАРИЯ, ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл біздің көшпелі мұражай ретінде алғаш рет сыртқа шығуымыз. Сондықтан Павлодар облысының әкімдігіне, «Жебе» қоғамдық бірлестіген, «Шаңырақ» орталығына алғысымыз шексіз. Бұл қазақ өнеріне деген үлкен қолдау. Бұны естіген кезде біздің музыканттар өте қуанды. Алғысымыз шексіз.

Иә, ұлттық музыкалық аспап түрлері терең зерттеуді қажет ететін ғылым саласы. Бүгінде оған ат салысып жүрген жандар көптеп саналады. Ал, Қосшы қаласындағы бұл мұражай қызметкерлері де ұлт руханиятының шырақшысына айналған.

Жанасыл Серікбол