Павлодар қаласында облыс орталықтарының мәслихат төрағалары бас қосты. Форум аясында Павлодар қалалық мәслихатындағы жаңашылдықтар мен жетістіктер таныстырылды.

Жиынды қала басшысы Хасар Хабылбеков ашты. Оның айтуынша, Павлодар қаласы әкімдік пен мәслихаттың бірлесе жұмыс істеудің жақсы үлгісіг көрсетуде. Нәтижесі жаман емес. Павлодар үздік қалалардың қатарында.

Хасар Хабылбекнов, Павлодар қаласының әкімі

Депутаттармен бірлескен жұмысымыз өз нәтижесін беруде. Халықтың сенімі артты. Көптеген жұмыстар атқарылды. Мамыр айына дейін 15 көшені асфальттап, маусымның біріне дейін 65 балалар ойын алаңың салдық. Су құбырыс желісі мәселесін де жөнге келтірудеміз.

Павлодар қаласы бұндай семнар жиынды бесінші қала болып өткізуде. Онда мәслихат төрағалары кездесіп ой-пікір алмасады. Қаланың тыныс-тіршілігімен танысады. Ірі жобаларды көріп, қаланың өнеркәсіптік әлеуетін бағалайды.

Басқа өңірлерде де атқарылып жатқан шаралар мол. Осындай жиындар ой алмасуға мүмкіндік береді. Әлібетте әр өңірдің өз мүмкіндігі, өзге де ерекшеліктері бар. Десе де халық үшін қажетті жобалар әр қалаға қажет.

Павлодар қаласы мәслихатының ақпараты 2гис қосышасына енгізілді, сол жобаның екінші кезеңі ретінде жасандлы интеллект енгізу жобасы басталмақ. Форум аясында қ онақтар өзге де жобалармен танысып, тәжірибе алмасады.

Жанасыл Серікбол