Павлодарда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған ашық есік күні өтті. Шара егін жинау науқанының басталуымен орайластырылды. Онда фермерлерге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін онлайн өтініш беруге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық жүйе таныстырылды.
Бұл құрал фермерлердің уақытын үнемдеп, қаржыға қол жеткізуін әлдеқайда жеңілдетеді. Мамандардың айтуынша, биыл агроөнеркәсіп кешенін қолдауға рекордтық қаражат бөлінді. Оның ішінде 250 миллиард теңге жеңілдетілген лизингке бағытталған. Бұл шаралар шаруалардың тиімділігін арттырып, салаға жаңа технологияларды енгізуге жол ашады.
Еркебұлан Жұмжаев, «Қазагроқаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Қазагроқаржы компаниясы осы нарықта 25 жыл бұрын пайда болған. Осы жылдар ішінде Павлодар өңіріне 140 млрд теңгеге техника берділді. Саны бойынша 5700-ден аса дана техниканы құрайды. Биыл 19 млрд өтініш түсті. Оның ішінде 17 млрд адамға 600 ден аса техника берілді. Алдында онлайн документтерді ткізу бойынша енгіздік. Оның қаралу мерзімі 2 күнге созлады. Ал қазір біз оны 10-15 минутта қысқарттық.
Жиынға фермерлік қожалықтар, агрохолдингтер, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде онлайн өтініш беру тәртібі түсіндірілді. Бұған дейін шаруалар техника алу үшін түрлі құжат жинап, мекемелерге барып уақыт жоғалтатын. Енді өтініш беруші онлайн платформа арқылы қажетті құжаттарды жүктеп, техниканың құнын, төлем мерзімін және шарттарын толық көре алады.
ЕРКЕБҰЛАН Жұмжаев, «Қазагроқаржы» Ақ басқарма төрағасының орынбасары
Осы платформаны енгізгенімізге 1 айдан асты. Бүгін осы Павлодар өңіріне жариялаймыз. Нақты түсіндіріп, онлайн өтінішті қалай беретінін көрсетеміз. Облыс бойынша 5 шақты өтініш келіп түсті, шешім берілді.
Енді ауыл шаруашылығы өндірушілері құжаттарын kaf.kz сайты арқылы жолдай алады. Ол үшін кеңсеге барудың қажеті жоқ. Шара соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, жаңа жүйенің артықшылықтарын талқылады.
Сабина Жолдаспаева