Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Ата Заң – ел Тәуелсіздігінің берік тұғыры, қоғамдағы тұрақтылық пен даму кепілі. Осы мерейлі датаға орай Павлодар облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылады.

Жыл басынан бері өңірде «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты жалпыұлттық жоспар аясында 700-ден астам шара қамтылды. Оның мақсаты – Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттап, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру. Жастардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру. Осыған орай облыс көлемінде түрлі мәдени шаралар өтеді.

Бекзат Байдүйсен, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму бақармасы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы

23–30 тамыз аралығында облыс орталығы Павлодар қаласында кітапханаларда, мәдениет үйлерінде және әлеуметтік мекемелерде бірқатар мәдени-ағартушылық іс-шаралар, соның ішінде құқықтық сабақтар мен құқықтық сағаттар өткізу жоспарланған. Жалпы облыс көлемінде ҚР Конституциясының 30 жылдығын тойлау шеңберінде қалалар мен аудан орталықтарында 70-тен аса билборд орнатылады. Облыс орталығы Павлодар қаласында қаланың 6 LED- экранында мерекелік бейнероликтерді трансляциялау жоспарланған. Дәстүр бойынша, Конституция күніне орай облыс тұрғындарының құқықтық жауапкершілігін қалыптастыруға, «Заң және Тәртіп», «Адал Азамат» әділ қоғам және жаңа идеологиялық тұрғыдан саяси реформалар мен Конституцияның нормаларын түсіндіруге бағытталған дөңгелек үстелдер мен кездесулер, салтанатты жиындар өткізу көзделген.

Мерекелік апта спорттық жарыстармен де ерекшеленеді. 27–31 тамыз аралығында шағын-футболдан турнир мен веложарыстан ашық чемпионат өтеді. Ал 30 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «BALL SHIFT» футбол чемпионаты ұйымдастырылады. Одан бөлек, тақырыптық кездесулер өтеді.

Бекзат Байдүйсен, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму бақармасы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы

Тамызда Достық үйінің мәжіліс залында азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі. Аталмыш дөңгелек үстелдер мен салтанатты жиындарды облыс көлеміндегі қалалар мен аудандарда да өткізу жоспарланған. 28 тамызда Жастар бастамаларын дамыту орталығы базасында «Ата заң– кемел келешектің кепілі» диалогтық алаңы өткізіледі. Мақсаты – жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Конституцияның тұрақтылықтың, ел дамуының және кемел болашағының негізі екенін түсіндіру.

Мерекенің басты шарасы – 30 тамыз күні өтетін салтанатты концерт. «Ertis Promenade» сахнасында қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік бағдарлама ұсынылады.

Сабина Жолдаспаева