Бұдан соң қонақтар облыстық мәслихат депутаттарымен бірлескен отырыс өткізді. Ситуациялық орталықта болып, атқаратын қызметімен танысты.
Ситуациялыцқ орталық барлық мемлекеттік мекемелердің жұмысына сараптама жүргізеді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын бақылайды. Халықтың да талап-тілегі осында айтылып жатады. Бір сөзбен айтқанда жан-жақты қызметті қамтитын орталық. Депутаттардың өзара тәжірибе алмау форумына келген қонақтар бұндай шараның нәтижесі оң болады деген сенімде.
Әрмен депутаттар жиында бас қосты. Жақсыны көрмекке. Қонақтар Павлодар қаласына осындай ұстаныммен келген. Өз қаламызға алар тәжірибелерді көрдік дейді.
Облыстық мәслихат та өз мүмкіндіктерімен жаңашылдықтарын жеткізді. Мәслихат модернизацисы жобасын таныстырып, БАҚ өкілдеріменн жұмыс істеудің өзіндік үлгілері туралы айтты.
Илья Теренченко, Павлодар облысы мәслихатының төрағасы
Павлодар мәслихатының өз ерекшелігі бар. Мәселен, 7 комиссия жұмыс істейді. Ел бойынша дастар комиссиясы бізде ғана. Мәслихат алаңында жұмыс топтары да құрылған.
Депутаттардың баршасы айтқандай, шара мақсаты өзара тәжірибе алмау, ұлттық жоспар мен міндеткен жетудің ортақ жолын іздеу.
Жанасыл Серікбол