Қазақстанның Бірінші лига командалары арасында өткен футбол чемпионатының 19-турында «Ертіс» сырт алаңда шымкенттік «Оңтүстік академиясы» командасымен кездесті. Толығырақ келесі материалда.
Павлодарда бірінші кезеңде қарсыластар 2:2 есебімен тең түскен еді. Бұл матчта «Ертіс» командасы басымдылықты өз қолына алды. 13-минутта алаң иесі Еркебұлан Тұңғышбаевқа қарсы ережені бұзды.
Өкінішке орай, Владислав Васильев шымкенттіктерді жазалау мүмкіндігін жіберіп алды - 11 метрден соққы қақпадан мүлдем мүлт кетті.
Екінші таймде павлодарлықтар тағы бір рет алға шығу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ Арман Смайловтың соққысы «Академия Отнтустик» клубының қорғаушысына тиді.
Содан кейін Владислав Васильевтің тағы да жолы болмады. Қорғаушыны да, қақпашыны да басып озып соққы жасағанымен доп қақпаның маңдайшасына тиді.
Әйтсе де, алаң иелері үшін 72-минут шешуші болды, Владимир Воменко орталықтан Матвей Герасимовқа дәл пас берді. Алаңға енді шыққан «Ертіс» ойыншысы бәрін нақты әрі сенімді орындады. 90-минутта ойын тағдырын шешетін мүмкіндік болғанымен қарсылас қапшасысы қырағылық танытты. Есеп 1:0 «Ертістің» пайдасында.
Енді «Ертіс» 29-тамыз күні өз алаңында» тараз» командасын қабылдайды.
Жанасыл Серікбол