Павлодар қаласында «Жебе» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына арналған «JEBE QUIZ» қазақ тілді интеллектуалдық ойыны сәтті өтті. Оған, 15 команда, жалпы 60 қатысушы ат салысты. Ойынның тек білім сайысы ғана емес, қазақ тілін насихаттауға қосқан үлесі зор болды.

Интеллектуалдық сайыс білім мен ой-өрістің шынайы жарысына айналды. Оған депутаттар, ақын-жазушылар, ұстаздар, журналистер мен қоғам белсенділері қатысты. «JEBE QUIZ» ойыны 7 кезеңнен тұрды. Сұрақтар Павлодар өңірінің географиясы, тарихы, тұлғалары туралы ғана емес, сондай-ақ жаһандық білім мен логикаға құрылған.

Ернар Сейтахмет, Pr-маман

Әрине бұл жерде жылдам ойлау керек және бағдарламаның 80 пайыз мектепте оқығандары мен күнделікті ізденістері өте үлкен септігін тигізеді. Бұл жердегі басты мақсат – адамдарды үнемі жаңа білім іздеуге ынталандыру. Яғни, олар осы ойыннан кейін, мысалы бүгін өздерінің аймақтарын, өңірлерін немесе жалпы білім аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Зияткерлік сайыс толықтай қазақ тілінде ұйымдастырылған, оған 60 қатысушы қатысты. Осындай ойындар арқылы қазақ тіліне деген сұраныс артып, оның аясында ой қорыту, пікір айту дағдысы дамиды дейді қатысушылар.

Айкүнім Қозыбаева, қатысушы

Ойын өте жақсы ұйымдастырылған. Миымызды қозғап, ойламайтын нәрселерді ойлап,ой-өрісімізді кеңейттік, әлі де кеңейтетін ойын екен.

АҢСАҒАН ҚҰСАЙЫН, ҚАТЫСУШЫ

Қазақ тілін дамытуға арналатын куиз байқаулары көп болуы керек. Дебатқа қатысып, дамытып жатқанымызбен осындай сұрақтарды ұстаздар мен жастар, мектеп оқушыларының арасында дамыту маңызды деп ойлаймын. Бүгінгі ойынның тағы бір ерекшелігі жас ерекшілігінде шектеу болған жоқ. Мұнда жоғарғы, ортаңғы, кейінгі буын деп барлығын бір-бірімен байланыстырып тұр.

Ел боламын, ұрпақ тәрбиелеймін деген жұрт ең алдымен ақыл мен парасаттың, ғылым мен зерденің жолына ден қояды. Осы орайда өткен интеллектуалдық ойын – жаңашыл рухты, ойлы қоғам құру жолындағы сүбелі бір бастама болды.

Данияр Жұмәділ, «Jebe» ҚБ төрағасы

Сұрақтардың өзі ерекше, әр тараптан, әр саладан логикаға бағытталған дүние. Сондықтан да адамды жан-жақты қозғайтын, миын шайқайтын ерекше жоба. Міндетті түрде керек және бұл тек Павлодар қаласында ғана өтпеуі тиіс. Бұл облыстың әрбір қаласында, аудандарында, керек десеңіздер ауылдық деңгейде ұйымдастырылуы керек. Өйткені, небір білімді жастар сол ауылдан-ауданнан шығып жатады. Сондықтан алдағы уақытта облыстық деңгейге шығарсақ деген жоспарымыз бар.

Ойын жеңімпазы «Сана саңлақтары» командасы атанды. Үздік нәтиже көрсеткен командалар ақшалай жүлдеге ие болды, ал барлық қатысушыларға құнды кітаптар тарту етілді.

Қымбат Садық