Спорт күні аясында ұйымдастырылған салтанатты шарада қала әкімі Екібастұз өңірінің белсенді жас спортшыларын арнайы марапаттады. Сахна төріне көтерілген 60-қа жуық жас өреннің жүзінен мақтаныш пен толқыныс қатар байқалды.Толғырақ келесі бейнематериалдан көрейік.

Қазіргі таңда Екібастұз өңірінде 50 мыңға жуық тұрғын спортпен шұғылданса, олардың 6 мыңы – балалар мен жасөспірімдер. Олар 30-дан астам спорт түрінен тұрақты түрде секцияларға қатысып келеді. Бұл – өңірдегі бұқаралық спорттың дамуының нақты көрінісі.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Спорт ұлт саулығының кепілі екенін онсыз дені сау жастарды тәрбиелелуге және жалпы ұлттың денсаулығын нығайтуға қол жеткізу мүмкін емес екенін баса айтады.Бұқаралық спортты дамытуда биыл спорттың әр түрінен 800 ден астам жарыс өткізіліп оған 20 мыңнан астам адам қатысты.Облыс әкімінң қолдауымен аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Ағымдағы жылы 50 бала ойын алаңы 9 стриторкауд және стридборд орындары орнатылды. Қоянды және Бәйет ауылдарында денешынықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.Келесі жылы мұз аренасы бар көп функционалы бар спорт кешенің жүзеге асыру жоспарымызда бар.

Салтанатты жиында «Қазақ күресі» секциясының жас өрендері ерекше аталып өтті. Жақында өткен Қазақстан чемпионатында олар алғаш рет жүлделі орындарға ие болып, өңірдің абыройын асқақтатты. Солардың бірі – Теміртас Файзолла. Ол чемпион атанып, алғыс хатпен марапатталды.

Теміртас Файзолла, жүлдегер

Қыста өткен ҚР чемпионаты болды соған дайындалып чемпион болдық соған орай алғыс хат алдым. Осы қазақша күреске 6 жасымнан бастап келдім.Күресті жалғастыра беремін.Астанаға оқуға түстім спорт акедемияға. Менің бапкерім Утепбергенов Нұрболат ол кісіге мыңда бір алғыс. Осы бала кезден баптап дайындап өсірді.Ең бірінші тренерін болған соң сағынасын бірақ бірақ осы жолы басқа тренерға бару бұйырып тұр.

Марапатталғандар қатарында ел чемпионаттарында топ жарған жас спортшылар да бар. Олардың жетістіктеріне үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегі де ерекше. Солардың бірі – тәжірибелі бапкер Диас Ереңғаипов.

Диас Еренғайып, “Erengaipov team” мектебінің бас жаттықтырушысы

Біздің осы спортшыларымызды марапаттады.Бірінші ол Абахытов Алишер осы жылы ҚР чемпионы және Тәнірбергенов Ерасыл актоганда жеңіске жетккен еді және мен мамыр айында Испанияда жеңіске жеттім.Одан әрі бізде 28-29 күндері Жас құран турниріміз өтеді. Шахтер стадионында шетелден спортшылар келеді.Барлығы жоғары деңгейде өтеді деп үміттенеміз.

Салтанатты шара әуезді әнмен аяқталды.

Дильназ Қуанышбекқызы