Екібастұз қаласында тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімінің қолдауымен 50 балалар ойын алаңы орнатылып, 26 көпқабатты үйдің ауласы толықтай жөндеуден өтуде. Жаңарған аулалар тұрғындардың көңілінен шықты ма — келесі сюжеттен білейік.
Қазіргі таңда 20 үйдің ауласында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Биылғы жылы тек аулалар ғана емес, қала көшелеріндегі жолдар да жаңартылуда. Қала бойынша 10 автожол жөнделіп, пайдалануға берілді. Солардың бірі — Әлия Молдағұлова көшесі. Сонымен қатар, қала әкімінің бастамасымен 50 балалар ойын алаңы, 2 стритбол алаңы мен бірнеше воркаут аймағы орнатылды.
Мәди Зайкен, Екібастұз қаласы ЖКХ бөлімінің сектор меңгерушісі
Осы жылы облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражат 26 ауланы абаттандыруға бағытталды. Қазіргі уақытта Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №52 үйдің ауласында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Аулаға бордюрлер орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы, автотұрақ аймағы мен барлық аумаққа асфальт төселуде.
Жаңарған аулалар – тұрғындарға қуаныш сыйлады. Жылдар бойы күтім көрмеген алаңдар енді балалардың шаттық мекеніне айналуда.
Гүлнәр Рахметова, Екібастұз қаласының тұрғыны
Енді осы микрорайонда 9-10 жылдай тұрамын. Алдыңғы жылы облыс әкімі келгенде подвалды жөндеген еді.Сол кезде дворды істеп берсе деп өтінген едік. Міне істеп берді. Облыс және қала әкіміне алғысымыз шексіз.
Сонымен қатар, Мәшхүр Жүсіп 52 көшесінде Халық қатысатын бюджет жобасы аясында аула кеңістігін жандандыратын үлкен балалар алаңқайы салынатын болады.
Дильназ Қуанышбекқызы