Ұмыт қалған ұршық қайта жаңғырды. Павлодарда ұршықшылар фествалі өтіп, оған 35 қолөнер шебері қатысты. Шара аясында олар жіп иіріп, шеберлік сайысына түсті.

Ұршық- ғасырлар бойы қазақ әйелдері қолданған қолөнер құралы. Онымен қойдың жүнініп иіріп, жіп жасау арқылы тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасаған. Ертеден келе жатқан осы өнерді ұмытпаған апалар, отбасының ұйыитқысы болып отырған нәзік жандылар ортамызда әлі де бар.

ГҮЛНАР НҰРАХМЕТОВА, Г. ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Ұршық фест» фестивалі өңірімізде бірінші рет өтіп жатыр. Бірінші мақсат қолөнер шеберлігімен айналысып жүрген ададмарды жинап, әрмен қарай дамыту, насихаттау. Ұршық иіру ұмытылып бара жатқан өнер. Оны жастарға үйрету керек. Фестивалге 35 адам қатысып жатыр

Қолөнер шеберлігі бүгінгі таңда аса маңызға ие. Ғасырлар бойы ата-бабамыз осы өнер арқылы тұрмыс салтты қалыптастырды. Тіпті, өмірін сән-салтанатқа бөлей білді. Бүгін де осыны қайта жаңғыртып, қолдана білсе, қоғамға берері мол.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Апаларымызға, құрбыларымызға, қарындастарымызға мың да бір алғыс. Ұршық өнері көшпенділік дәуірде танымал болды. Кейін көнере бастады. Күнделікті өмірде қолдана бермейтін жағдайға жеттік. Сіздердің мойындарыңызға осы насихаттайтын жүк бар. Бұл дәстүр ұмыт болмауы керек. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

ШОЛПАН БАЙҒАЛЫ, АҚЫН, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Ұршық иіріп кілемдерін тоқыған ата салтымыз. Сіздер соны ұрпаққа жалғап келе жатқан анасыздар. Сондай қуанып отырмын

Қатысушылар облыстың әр ауданы мен қалаларынан. Жастары да әр түрлі. Жетпістегі әже, жиырмадан асқан қыз да бар. Шара аясында олар өз өнерлерін көпшілік алдында көрсетті.

АЛТЫНАЙ СЕСЕРХАН, «ҰРШЫҚ FEST» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫ

Ертіс музейінде осындай шараның \ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымыз. Өйткені, бұл төл өнер. Осындай шара ұйымдастырылады деген соң қатысуға келіп тұрмын. Үйде енеммен бірге тұрам. Енеміз сырмақ жасайды. Ұршықпен жіп иіріп, қолөнермен айналысады. Сол кісіге көмектесіп, анда-санда істеп тұрамыз, жұмыстың ортасында.

ЖАҢЫЛ ТІЛЕУБЕКҚЫЗЫ, «ҰРШЫҚ FEST» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫ

Атадан келе жатқан үлкен мирас. Соны ұлықтап жатқанына өте қуаныштымын. Алғысымды білдірем музей қызметкерлеріне. Өз басым шешемнен үйрендім бала кезден. Тоқсаныншы жылдары ұршықпен носки, шәлі жасап сатып, күн көрген кезіміз болды. Мен өзім қадірлеймін ұршықты.

Шара аясында дәл осы ұршық арқылы жасалған бұйымдардың көрмесі де ұйымдастырылған. Көпішікке текмет, сырмақ сияқты сәндік бұйымдармен қатар, жүннен тоқылған бұйымдар ұсынылды.

Жанасыл Серікбол