Сәуір айында әскери жиынға шақыру жүзеге асады. Оған кімдер міндеттеледі, ал кімдер босатылады? Тілшіміз баяндайды.
3 және 12 сәуір аралығында Павлодар қаласында 78 азамат әскери жиынға шақырылады. Оның ішінде 65 запастағы офицер мен 13 запастағы сержант бар. Ал 18 шілдеден 16 тамызға дейін Абай облысында өтетін әскери жиындарға шақыру жүзеге асырылады. Бұған денсаулығына байланысты жарамсыз деп танылғандардан бөлек, мынадай тұлғалар босатылады:
Биыл еліміз бойынша оқу-жаттығу жиынына 3 мың азамат қатысады деп жоспарланған. Мамандар жиын барысында әскери міндеттілерге қолайлы жағдайлар жасалатынын және жұмыстағы лауазымы сақталатынын атап өтті.
Аталған жиын – азаматтар үшін жауынгерлік даярлығын жетілдіріп, шеберлігін арттыруға жақсы мүмкіндік. Жиын аяқталған соң, біліктілігімен көзге түскен әскери міндеттегілерге кезекті әскери атақтары беріледі.
Жұлдыз Қабылденова