Достық үйінде наурыз мейрамына арналған дөңгелек үстел өтті. Онда Ұлыстың ұлы күнін атап өту жолдары мен мереке маңыздылығы жайында сөз қозғалды. Толығырақ шараға қатысып қайтқан тілші тарқатады.
Биыл Наурызнама онкүндігі белгіленгені белгілі. Соның аясында 19 наурыз – Жаңару күні деп аталады. Айтулы күн аясында осы тақырыпта баяндамалар жасалды.
Дөңгелек үстелде наурыз мерекесінің қарсаңында салт-дәстүріміз бен ұлттық идеологияны жандандару мәселесі де талқыланды.
19 наурыз биыл көктемгі ағаш отырғызумен басталды. Себебі ол – өмірдің жаңаруы мен еліміздің дамуының бейнесі. Дөңгелек үстелге қатысушылар мереке барысында атқарылатын осы және өзге шараларды алдағы уақытта да жалғастыру қажет деген қорытындыға келді.
Жұлдыз Қабылденова