Павлодарда ерекше балалар арасында алғаш рет облыстық Айти Абилимпикс байқауы өтті. Шығармашылық додаға студенттер жан-жақты дайындалған. Толығырақ тілші тарқатады.

Байқау студенттер арасында– «Графикалық дизайн» және «WEB дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бағытында өтті. Байқауда қатысушылар құрылыс компаниясының логотипін және интернет-дүкеннің баннерін жасау арқылы сайысқа түсті. Негізгі мақсат -мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіби біліктілігін арттырып, оларды қоғамға толыққанды араласуына қолдау көрсету болып табылады.

ДӘУРЕН ТАШИМОВ, БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Абилимпикс чемпионаты WorldSkills форматында өтіп жатыр.Ерекше балалар үшін арналған байқау.Бұл жарысқа мектеп оқушылары мен студенттер,сонымен қатар жұмыс іздеп жүрген түлектер қатыса алады. Бұл байқаудың басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамға сіңісуі үшін көмектесу,олардың кәсіби біліктіліктерін дамыту

Байқауға қатысуға Павлодар және Ақсу қалаларынан 30 өтінім түсті. Фархат Шахмардан Павлодар қаласының тұрғыны. Ол бұл сайыста графикалық дизайн бойынша жарысқа түседі.

ФАРХАТ ШАХМАРДАН, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Мен графикалық дизайн бағытын таңдадым. Бұған себеп, маған сурет салу өте ұнайды. Тек қағазға сурет салуды ғана емес,оны интернет желісіне жүктеп,көрермендердің ойын білгім келеді.Болашақта осы бағытты жалғастырамын деген ойдамын. Өйткені мен ойын әзірлеп кейіпкерлердің пейзаждарын визуалды түрде дайзайн жасауды білемін.Болашақта менің қолыман барлығы келеді деп ойлаймын.

Байқау соңында барлық қатысушыларға ақшалай сый тарту етілді. Айта кетейік, ерекше көзге түскендер жұмыстар WorldSkills Kazakhstan чемпионаты аясында Абилимпикс облыстық және республикалық кезеңдерінде өнер көрсетуді жалғастырады.

Сағыныш Жасқайрат