Жыл мұғалімі» облыстық байқауы жалғасып жатыр. Бүгін сайыстың екінші кезеңі өтті. Толығырақ тілші материалында.

Байқауды Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ұйымдастырды. Дәстүрге айналған сайыс биыл 12-мәрте өтіп жатыр. 1-кезеңге қатысу үшін 100 педагог өтініш берсе, жоғары нәтиже көрсеткен мұғалімдер екінші кезеңге іріктеп алынды.

Сайыс мұғалімдердің біліктілігін жан-жақты көрсету үшін 4 кезеңге бөлінген. Алдымен ұстаздар портфолиоларын таныстырса, екінші кезеңде олимпиадалық тапсырмалар орындады.

Байқаудың келесі кезеңінде педагогтар өздеріне таныс емес сыныпта ашық сабақ жүргізеді. Ал ақтық сында жобаларын қорғайды. Марапаттау салтанаты ұстаздар күні қарсаңында қазан айында өтеді. Онда жеңімпаз, жүлдегерлер және аталым иелері белгілі болады.

Жұлдыз Қабылденова