Елімізде бірқатар облыстар әлі де су тасқыны қатері жоғары өңірлер қатарында. Ал, кейбір облыстарға жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

2024 жылдың бірінші сәуіріндегі жағдай бойынша Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары су тасқыны тәуекелі жоғары облыстар қатарында қалып отыр. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ұлытау, Ақмола және Қарағанды облыстарында жергілікті сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды. Қазір 55 жол аумағы бақылауға алынды. Оның біреуі көпір. Сондай-ақ, жол қатынасынсыз қалған 52 елдімекен бақылауда. Осыған дейін 13 581 адам эвакуацияланды. Оның 5223 і бала. Ал, 6 985 адам уақытша паналау орынында. Оның 2 922 сі бала. Бұл ретте 1654 адам әуе күштерінің көмегінмен эвакуацияланды. Оның 425 і бала.

Төтенше жағдайлар министрлігі мен әкімдіктер 4,5 миллион текше метрден астам еріген суды сорып, 365 мыңнан астам қап пен 724 мың тонна инертті материал төседі. Апаттық-құтқару жұмыстарына жалпы 8 458 адам жұмылдырылды.

Жанасыл Серікбол