Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенаты депутаттары Ақсу мен Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарына барды. Ауыл аймақты аралаудағы мақсат, мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржының тиімді жұмсалу барысын тексеру. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Өңір бюджеттінің 64 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Ал қалған 36 пайызы ғана аудан қалаларды дамытуға жұмсалады. Ақсу ауылдық аймағына қарасты Пограничник ауылына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы жаңа леп әкелді. Былтыр елді мекенге жол төселіп, әлеуметтік нысандар салынды. Елордадан келген халық қалаулары ауыл халқымен кездесіп,мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.

Бұдан кейін сенат депутаттары құрылысы былтыр аяқталған фельдшерлік амбулаториялық пункт жұмысымен танысты. Пограничник ауылы Достық ауылдық округіне қарасты. Мыңнан аса тұрғын бар. Бұрын фельдшерлік пункт ескі ғимаратта орналасқан еді.

Кейін депутаттардың сапары Екібастұз қаласында жалғасты. Онда олар биыл күрделі жөндеуден өткен жылу беру орталығына барды. Жергілікті атқамінерлер есеп беріп, нысан тынысымен таныстырды.

Қазынадан бөлінген әр тиын орынды жұмсалу керек. Келген меймандар проблемалар жоқ емес екенін айтады.

БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Жұмыс атқарылғанымен, осал тұстар жоқ емес. Жылу желілерін ауыстыру қажет. Бұл үшін шамамен 6-7 млрд теңге қажет. Сондай-ақ оның ішінде су қазандықтарын жаңарту жұмысы бар. Бұған да қаражат керек. Біз елордаға келгеннен кейін қаржыландыру мәселесін қайта көтеретін боламыз.

Депутаттар кездесу барысында әр айтылған ұсыныстар жерде қалмайтынын жеткізді. Әр мәселені назарға алып, бюджет туралы жаңа заң кодексіне енгізетіндерін айтты.

Әйгерім Тоқпанқызы