Железин ауданы, Прииртышск ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша мәдениет үйі жаңарады. Қайта жөндеу жұмыстары наурыз айында басталған. Толығырақ тілші әңгімесінде.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының берері мол. Халықтың әл ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік жоба ауылдағы ағайынның өміріне жаңа тыныс берді. Бастама Железин ауданына да жетті. Қазір құрылыс алаңында жұмыс қызу жүріп жатыр. Айта кетейік, мәдениет үйі соңғы рет 2012 жылы жөнделген.

Нысанды жаңартуға облыстық бюджеттен 133 млн 775 мың теңге бөлінді. Қазір шатыры төселіп, қабырғаларымен қоса, ішкі әрлеу жұмыстары қатар жөнделіп жатыр.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң Мәдениет үйі кез келген ауқымды іс-шараларды өткізуге әбден лайық. Онда 10 ға жуық үйірме, онымен қоса, шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді. Ал қатысушылары болса, байрақты жарыстарда топ жарып жүр.

Әйгерім Тоқпанқызы