Соңғы кезде жүргізушілер қала ішіндегі шұрық-тесік жолдарға жиі шағымданатын болған. Қар еріп, күн жылығалы тіпті жағдай ушыға түскен. Коммуналшылар жағдайды назарға алып, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын биыл ерте бастап кетті. Оған не себеп? Келесі сюжетте.

Қазір коммуналдық қызметтермен шаһар жолдарындағы шұңқырлар қарқынды түрде жамалып жатыр. Мердігер компания алдымен шұрық-тесік аумақтарды тазалап, кептіріп кейін асфальт төсеуде.

ОРАЗБЕК САЯХАТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Қазіргі уақытта мына шұңқырларды жөндеу жұмыстары көлік жүктемесі жоғары және барынша тозған көшелерде, яғни Назарбаев даңғылында, Толстой, Абай, Қайырбаев, Есеналиев көшелерінде жүргізілетін. Болады. Асфальт жасау зауыттары ерте қосылып, жолдарды жөндеу жұмыстары әлдеқайда ерте басталды.

Жоғарыда аталған көшелерде жұмыстардың едәуір бөлігі аяқталды. Ал жөндеудің көлемі жолдардың кеуіп, шұңқырлардың анықталуына байланысты болады деді әкімдікте.

ОРАЗБЕК САЯХАТ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Мына фрезерлеу әдісін қолдану арқылы орташа жөндеу жұмыстары Павлодар қаласында 14 көшеде жүргізіледі. Павлодар қаласының 14 көшесінде жол жабындысы толығымен ауыстырылатын болады.

Айта кете, жолдарды фрезерлеу әдісімен қалыпқа келтіру күн жылынып, ауа температурасы 10 градустан жоғары болған кезде басталады.

Самал Қалиқызы