ҚР Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің хирургтері жергілікті дәрігерлермен бірге ота жасады. Операция қандай әдіспен, қалай өтті? Толығырақ алдағы сюжетте.

Алматы қаласынан келген ақ халаттылар өңірдегі дәрігерлермен кездесіп, тәжірибе алмасты. Үстіміздегі жылы басталған жоба Президенттің іс басқармасы медициналық орталығының қолдауымен өтеді. Осы мақсатта №1 қалалық ауруханада нейрохирург дәрігерлер жиналды.

Нейрохирург дәрігерлер 1956 жылғы пациентке омыртқаның каналын босату отасын өткізді. Ол микроскоптың көмегімен жүзеге асты. Операцияға жергілікті дәрігерлер де қатысып, өз шеберліктерін көрсете алды.

Айта кетейік, өңірде мұндай ота түрлері жиі жасалып келеді. Ал 1956 жылы туған науқасқа операция наркозбен жасалды, оның жағдайы жақсы, алаңдауға еш негіз жоқ деуге болады.

САМАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС БАС НЕЙРОХИРУРГЫ

Пациент ұзақ уақыт ауырған, жоспарлы түрде оған омыртқаның каналын босату отасы өтті. Оны Алматыдан келген білікті нейрохирургтармен бірлесе жасадық. Микроскопиялық жою әдісін қолдандық, барлығы сәтті болды. Кешке палатаға шығады, ары қарай оны дәрігерлер бақылайды . Жағдайы жақсарғанша 5-7 күн ауруханада болады, кейін үйге шығарамыз

Осылайша дәрігерлер адам өміріне араша түсті. Әрі ақ халаттылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, біліктілікттерін арттыра түсті.

Қымбат Садық