Мемлекетіміздің тарихына өлшеусіз үлесін қосқан ғалым Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантай халық судьясы болған. Оның ізін кейін баласы да жалғастырып, әділдік жолында да қызмет еткен. Толығырақ арна тілшісі тарқатады.
Қазақтың маңдайына біткен тау тұлға Қаныш Сәтбаевтің әкесі Имантай тегінде қарапайым адам болмаған. Тарихи деректерге сүйенсек, Имантай Сәтбайұлы Ақкелін болысында 14 жыл халық судьясы, яғни би болған. Ал төсбелгі 1891 жылдан бастап арнайы жасала бастаған. Кезінде мұндай төсбелгіні билер жуан алқамен мойындарына іліп жүрген. Имантайдың төсбелгісі мектеп музейін ұйымдастырар алдында табылған екен.
Бұл төсбелгіні 2017 жылы Баянауыл сотының төрағасы болған Дулат Салатов музейде тұрған жерінен көзі шалып, облыстық соттың музей қорына алынуына ықпал еткен. Қазіргі таңда бұл олжа облыстық соттың музейінде сақтаулы тұр.
Оның әділдікті ту еткеніне қасындағы серіктеріне: «Өкіметтін ала жібін аттамандар, жігіттер. Дүние – бір күндік, арың – мың күндік! Ары тазаның алды – ашық, арты – қорған» деуінің өзі, оның әділ де, ары таза азамат болғанының бірден-бір дәлелі.
Қымбат Садық