Соңғы жылдары елімізде алимент төлеуден қашып, тіпті өз баласынан бас тартқысы келетіндердің саны артқан. Мәселен, Павлодарда алимент төлеуден жалтарған 100-ге жуық борышкер іздеуде жүр.

Алимент төлеуден бас тартып, жасырынып жүрген азаматтар үшін заң да, талап та бар. Полиция қызметкерлері алимент төлемей жалтарып жүрген ата-аналарды анықтау үшін алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

РУСЛАН ТҰРМАҒАНБЕТОВ, ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 91 адам анықталды. Борышкерлерден 7 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Айта кетейік, ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеуге қатысуды тоқтатқан 35 жастағы борышкер Қарағанды облысынан табылды. Оның қарызы 3,5 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, үш баласына қарамаған 42 жастағы әйелдің де жекебасы анықталды, оның қарызы 7 млн теңгеден асады. Алимент төлемеуге қатысты тұрақты түрде жұмыстар өткізіліп тұрады

Еске сала кетейік, алимент төлеуден жалтарғандарға қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.

Қымбат Садық