Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай дәстүрлі баскетбол турнирі жалғасын тапты. Сайыста қалалық мектеп оқушылары өзара бақ сынайды. Толығырақ тілшіміз тарқатады

Академик Қаныш Сәтбаевтың құрметіне баскетбол жарысын өткізу 1999 жылдан бері қолға алынған. Биыл жарыс 25-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Мұнда 26 ұлдар және 15 қыздар командасы қатысып жатыр.

БЕРДІҚҰЛ АХМЕТОВ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Жарысқа қатысушылар 6 топқа бөлінді. 4 күн бойы командалар топтық кезеңде өзара бақ сынады. Топтық кезең кеше аяқталып, бірінші орын алған мектеп құрамалары А және Б топтарына бөлінді. Бүгін осы үздіктер Әлімбаев атындағы мектепте турнирді жалғастырып жатыр. Турнирге жене шынықтыру мұғалімдері де, балалар да белсене қатысады.

4-5, 7-8 және 9-11 сынып оқушыларына жеке турнир ұйымдастырылады. Жарыс түрлі жас санаатындағы үздік спортшыларын анықтайды. Әсіресе, 7-8 сыныптар арасындағы ойын қызу тартысқа толы болып жатыр.

ВЛАДИСЛАВ ТКАЧЕНКО, № 5 ЖОББМ 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Жарысқа дайындалу қиын болды, өйткені ойынның жауапкершіліігн сезінеміз. Егер жеңіске жетіп, өзімізді жақсы жақтан көрсете алсақ, облыстық жарыстарға қатысамыз. Облысымыздың намысын қорғаймыз. Сондай-ақ, биыл мерейтойлық – 25-ші турнир өтіп жатыр. Сондықтан, осында өнер көрсетіп, командаларға қарсы ойнау қызықты болады деп ойлаймын. Көп командалар осындай жарыстарға қатысса екен деп тілеймін

ОЛЕГ ОБИДЕНКО, № 18 ЖОББМ 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Турнирде 3 команданы жеңдік, оның біреуі техникалық жеңіс болды. қазір 5-мектептің оқушыларына қарсы ойнап жатырмыз. өте мықты қарсылыластық көрсетіп жатыр. жеңіске жетеміз деп үміттенемін.

Топтық кезеңде жеңіске жеткен командалар сенбі күні финалдық матч өткізіп, бірінші орынға таласады. Жеңімпаздар ауыспалы кубокқа ие болады.

Жұлдыз Қабылденова