Еліміздің әр өңірінде тасқынға қарсы күрес жалғасуда. Құтқару жұмыстарына 30 мыңға жуық адам ат салысуда.

Сағат 16:00 дегі ақпарат бойынша 98 мың адам құтқарылған. Оның 33 мыңы бала. Төтеншеліктер және еріктілер мен жергілікті атқарушы орындардың күштері күресті дамылсыз жалғастыруда.

Ақмола және СҚО -да өзендердің тасуына байланысты тұрғындар алдын-ала эвакуациялануда. Аумақтарда жағалуды нығайту жұмыстары жүруде. Ауа райы болжамына сәйкес сәуірдің екінші жартысында көптеген облыстарда қар жауады.

АЛИНА ИСМАҒҰЛОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Екінші декаданың басында солтүстік -батыс, солтүстік, орталық және шығыста түнде қара аралас жаңбыр жауады. Күндіз жаңбырлы, тұманды болады. 12-сәуір күні елдің шығысында мол мөлшердегі қар күтілуде

Сонымен қатар, еліміздің батысы мен оңтүстік шығысында жаңбыр жауып, жел соғады. Ел боййынша желдің де күшеюі күтіледі.

Жанасыл Серікбол