Биыл облыста 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде жаяу жүргіншілердің және кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен орын алған апаттар саны артқан. Оған не себеп? Тілшіміз баяндайды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 95 апат тіркелсе, биыл олардың саны 30,5 пайызға артқан. Кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен болған оқиғалар 17-ден 28-ге дейін өскен, жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған оқиғалар 31-ден 41-ге дейін жетті. Биыл барлығы 162 тұрғын жарақат алған. Десе де қаза тапқан адам саны 11-ген 7-ге дейін азайған.

ҚАБДЫЛМАНАП ӘКЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Жол апатына себеп болатын негізгі факторлар мыналар: автотранспорттардың санының артуы, ескі және жөндеуге келмейтін көлік құралдарын қолдану, жол қозғалушылары қатысушыларының тәртіпсіздігі, оның ішінде жүргізушінің алкоголь, есірткі, психотропты заттар пайдалануы және өзге жағдайлар.

Жаз жақындаған сайын көшеде электросамокаттар саны көбейеді. Шағын электрлі көлік және электр самокат жүргізушілерінің де жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатыны байқалады. Апаттардың алдын алу үшін өткен жылы «жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң» күшіне енген.

ҚАБДЫЛМАНАП ӘКЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

2023 жылдың 30-шы маусымында Ішкі Істер Министрлігінің жол қозғалысы ережелеріне өзгеріс енгенін жариялаған. Тиісті заң қабылданып, электр құралдарын жүргізушілерге талптар қойылды. Мысалы, олар тротуарда сағатына 6 км төмен жылдамдықта жүре алады. Жүргізуші 16 жастан асуы керек және басында шлем болуы тиіс. Бұдан өзге талаптар да қарастырылған. Жүргізушілер велосипедке арналған жолмен де жүре алады. Жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын ескерткім келеді.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі облыс орталығында болған. Жыл басынан бері орын алған 124 апаттың 92-сі Павлодарда тіркелген.

Жұлдыз Қабылденова