«Адам паппилломасы вирусына қарсы екпе салу». Дәл осындай тақырыппен Павлодарда медициналық мамандар үшін тренинг өтті. Негізгі мақсат жатыр мойны обырының алдын алу.

Биыл күзден бастап елімізде жатыр мойны обырының алдын алу үшін адам паппилломасы вирусына қарсы екпе салу басталады. Ол 11 жастағы қыздарға жасалады. Осыған орай қаламызда насихаттау жұмысы басталып кетті.

АЙНАГҮЛ ҚУАТБАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Үкіметтің қаулысына сәйкес мына халық арасында ВПЧ, паппилома вирусы шақыратын ауруға қарсы вакцинация күзде жоспарланған. Мамандарды іс шаралар, ауру қандай екенін мамандау дайындау жұмысындамыз. Тренерлер дайындау жұмыс жүргізілді.

Айта кетейік, жатыр мойны ісігі көбінесе паппиллома вирусынан пайда болып жатады. Сондықтан екпенің маңыздылығы жоғары. Вакцинация ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі. Еліміз бойынша күзде 175 мыңнан астам қыз баланы вакциналау жоспарланып отыр.

АЙНАГҮЛ ҚУАТБАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Вакцина 4 валентті. 4 жоғары онкогенді типке қарсы вакцинамен жүргізіледі. Қауіпсіз вакциналардың қатарына жатады. Ешқандай ауру шақырмайтын тиімді және қауіпсіз вакицналардың қатарына жатады.

Мамандар, адам паппиломасы вирусы қарым-қатынас арқылы жұғады дейді.

АЙНАГҮЛ ҚУАТБАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ең бірінші контакт арқылы бір біріне жұғады. Қол алысқанда, сүйіскенде, тығыз жанасқанда жұқтыру мүмкін. Сонымен қатар, өз өзі эпиляция жасағанда, қырынғанда. Анадан балаға жұғуы да мүмкіншілігі жоғары.

ЗӘМЗӘГҮЛ ДОЩАНОВА, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өкінішке қарай елімізде жылына 2 мың адам жатыр мойны ауруына шалдығады. Жылына 600 әйел қайтыс болса, олардың 2-еуі осы жатыр мойны ісігігіне көз жұмады. Оның алдын алу үшін адам паппилломасына вирусына қарсы екпе алған дұрыс.

Айта кетейік, тренинге кардиологтар, онкологтар, эпидемиологтар қатысты. Ертең шара Павлодар ауданы мен Екібастұз қаласының медициналық мамандары үшін жүргізіледі.

Самал Қалиқызы