Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде Қаныш Сәтбаевтың 125-жылдығына орай Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара барысында қандай тақырыптар қозғалды, басымдық неге берілді? Тілшіміз айтсын.

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына орай елімізде түрлі ауқымы кең шаралар қолға алынып жатыр. Осылардың бірі бүгінгі конференция. Оған қатысуға Қазақстан, РЕсей және Литва республикасының жоғары оқу орындарынан магистранттар, студенттер келді. Конференцияның ерекшелігі - баяндаманы магистранттар, студенттер, оқушылар өздері оқиды.

ӘБДІРАХМАН НАЙЗАБЕКОВ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ, ПРОФЕССОР

Бұл конференция магистранттар, студенттер, мектеп оқушыларға үлкен аудиторияда өөзін ұстау. Сұрақтарға жауап беруді үйренеді. Бұл аудиторияға мұғалімдер қатысады. Бұл конферения жастарға өте үлкен көмек.

Конференцияға павлодарлық жас ғалымдар да қатысты. Мәселен қаламыздағы №39 мектептің оқушысы Екатерина Гнускина облыстың топырағын зерттеу арқылы онда металл қосындысының жоғары көлемде бар екенін анықтаған.

ЕКАТЕРИНА ГНУСКИНА, №39 ЖООБМ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы селетебді аумақтағы топырақтың құрамында ауыр металлдардың барын анықтау. Біз Павлодар қаласы маңындағы саяжай аумақтарындағы топырақ қабатын зерттеуге алып, оның құрамында ауыр металлдардың шамадан тыс кездесетінін анықтадық. Бұл әлбетте дұрыс емес. Онсыз да өңіріміздің экологиялық ахуалы нашар.

Конференцияға қатысуға 220-дан астам баяндама келіп түсті. Шара 2 күнді қамтиды. Пленарлық және қосымша 9 бөлімнен тұрады. Конференция соңында жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталады.

Самал Қалиқызы