Ғалым-геолог, академик Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдық мерейтойы аясында ақын-жазушы Жұмағали Қоғабайдың жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті. Толығырақ тілші тарқатады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Қаныштың – рухани әлемі» атты шара ұйымдастырылды. Оның аясында жазушы, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Жұмағали Қоғабайдың «Сәтбаевтар әлемі» және «Сақ дәуірімен сабақтас оқиғалы оюлар» атты жаңа кітаптар жарық көрді.
МЕДЕТ ТАУАСҚАН, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұның біреуі мына Қаныш атамызға бұйырса, екіншісі мына сақ дәуіріндегі оюларға ұсынылып отыр. Бұл өзінің қызы Шынар ханымның жасаған дүниелері, бұны сөзбен жеткізе алмаймыз. Себебі, сақ дәуірінен келе жатқан, біздің даламызда өмір сүрген өркениеттердің қаншалықты мәдениетінің жоғары екендігін көрсетеді деп білемін. Осы өнер арқылы, өзінің мәдениетін арқылы әлемге танылғандардың ұрпағы екендігімізді мақтан тұту керекпіз деп ойлаймын
Кітап авторы Жұмағали Қоғабайдың иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Жазушының айтуынша, «Сәтбаевтар әлемі» кітабында бұрын-соңды еш жерде айтылмаған әңгімелер мен тың деректер топтастырылған.
ЖҰМАҒАЛИ ҚОҒАБАЙ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жаңа бір деректер тауып, қиыншылық көрген, зобалаңға ұшыраған, құрбандыққа шалынған Қаныш Сәтбаевтың ағалары туралы, нағашылары туралы, өзім кездескен көрген жағдайларды осы «Сәтбаевтар әлемі» кітабында беруге тырыстым. Сол арқылы Сәтбай айналасының сабақтастығын, бір-біріне туыстық қарым-қатынастары мен ғылымдағы жолын айтқым келді
Іс-шараға белгілі зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар арнайы қатысты. Сондай-ақ, жазушының жұбайы Райхан Тілеубекқызы - Сәтбай әулетінің ұрпағы екен. Ал қызы Шынар Қоғабай - Әбдікәрім Сәтбаевтың туған жиені болып келеді. Мазмұнды шара барысында олар «Өрнектерді сөйлеткен шебер» атты жеке көрме ұйымдастырды.
РАЙХАН ҚОҒАБАЕВА, ЖҰБАЙЫ, СӘТБАЙ ӘУЛЕТІНІҢ ҰРПАҒЫ
Жолдасым екеуміз қызықтап, жай тастай салмай, жұртқа көрсетейік, айтайық, тырысайық деп шештік. Мен өзім кішкентайымнан іс тігемін. Бірінші дененің қызуы менен 2-3 метрлік жұмыстарды істедік. Ол «билік құдыреті», «менің Қазақстаным», құстар әлемін көрсетуге тырыстық
Қолына қалам ұстаған жазушының әлі де жазары, руханиятқа қосар үлесі зор. Айта кетейік, алдағы уақытта ғалым, тау тұлға Қаныш Сәтбаевтің мерейтойы кең көлемде аталып өтпек.
Қымбат Садық