Қаныш Сәтбаевтің Қарсақбай кентінде 15 жыл тұрған үйі бар. Ол академиктің 70 жылдығында, яғни 1969 жылы мұражай болып ашылды. Біздің арнамыздың түсірілім тобы Ұлытау облысына арнайы барып, атақты жерлесіміз көп жыл еңбек еткен Қарсақбай кентінде болды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Қаныш Сәтбаев – Қарсақбай қойнауында мыстың мол қоры бар екенін дәлелдеп, өңірдің болашағын дәл болжаған данышпан ғалым. Кейін бұл өңір Қазақстандағы түсті металлургияның қарашаңырағына айналды. Дәл сол 1929-1941 жылдар аралығында Қаныш Сәтбаев отбасымен тұрған үйі бар, қазір ол мұражайға айналған. Ондағы басты мұра болып академиктің жеке мұрағатынан алынған заттары мен оның ұрпақтары жинақтап өткізген 4000-ға жуық жәдігер бар.

ДҮЙСЕМБАЙ БАРЕКЕНОВ, МҰРАЖАЙ ДИРЕКТОРЫ

Мынау сол жақта тұрған Қарсақбайдан бірінші алған мысы, 1928 жылы 10 октябрь. Мына оң жақтағы Сәтбаевтің өзі еккен ағашы. Үйдің жартысы геологтардың Қарсақбайда бірінші орналасқан мекемесі болған Қазақстан бойынша, жарты 3 комнатасы Қ.Сәтбаевтің үйі болған, осында отбасымен тұрған. Қарсы бетте тұрған үй ағылшын инженері Вильсендікі болған. Сол 2 кісі 1926 жылдан 1941 жылға дейін көрші боп тұрған

Бұл бүгінгі таңда қарсақбайлықтар үлкен шаңырақ деп есептейтін киелі мәдениет ошағы. Әрі кенді өңірдің халқы кие тұтатын, саяхатшылар арнайы іздеп келетін тарихи-танымдық орын болып табылады.

Қымбат Садық