Май ауданында биыл бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Солардың бірі жылу желілерінің құрылысы. Бұл жобаға 280 миллион теңге бөлінген. Қазір құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Жаңа жүйе аудан тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жылу желілерінің құрылысы мамыр айында басталған. Құбыр тарту жұмыстары орындалып, нысан іске қосылады. Алдағы күндері жоба толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріледі.
Қуаныш Қисанов, Май ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Жобасы 280 млн теңге құрайтын сома. Бүгінгі күні құрылысы толықтай аяқталып жатыр. 2,7 шақырып жылу жүйенің трубасы тартылып, қазіргі уақытта су мен жылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы 3-4 күнде жұмыстары толықтай бітеді. Бізге тапсырылады.
Сонымен қатар, Май ауданында жолдарды жөндеу ісі де қарқын алды. Биыл Көктөбе ауылында 33 көшенің 24 көшесіне асфальт төселді. Бұл жұмыстар ауыл ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды.
Қуаныш Қисанов, Май ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Енді қалған көшелерді ішкі ауылдық жолдары туралы айтсақ, жоба әзірленуде. Ұзындығы 4,5 шақырым, жалпы құны 280 млн теңге құрайтын сомаға жобасын әзірлеп қойдық. Ендігі 2026 жылы жұмыстар басталып, орындалады.
Аудан орталығындағы жылу жүйесі мен жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жобалар жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева