Өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы өтті. Шара 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, мыңнан астам құтқарушы мен еріктілер 14 мыңнан аса үйді аралады. 26 мың тұрғынға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Айлық барысында осал топтағы азаматтарға ерекше көңіл бөлінді. 352 үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер пешті қараусыз қалдырмай, мұржаларды тазарту керек екен айтты.
Оразбек Уәлиханов, Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
Алдын ала тексеріс жөндеу. Өткізу қажет. Пештердің мұржаларын үш айда бір рет күйеден тазалау керек. Оны қарауға балаларға тыйым салынады.
Бұған қоса, жылытатын құралдарды шамадан тыс қыздырмай, жанғыш заттарды пеш маңына қоюға болмайтынын ескертеді. Сонымен қатар, пеш есігін ашық қалдыруға қатаң тыйым салады. Айта кетейік былтыр өңірде жылыту маусымында 191 өрт тіркеліп, 10 адам қаза тапты, тағы 7 адам жарақат алды.
Оразбек Уәлиханов, Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
Өкінішке орай бізде жылыту маусымы басталмай тұрып, Тереңкөл ауданында бір оқиға алды. Осы бала отты жағам деп күйік алды. Осындай қайғылы жағдайларға әкелу үшін біздің тұрғындармен ең қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын жүргізуге шақырады тжд. Қазіргі таңда ТЖД жергілікті атқарушы органдармен жергілікті полиция, үкіметтік емес ұйымдармен іс шаралар жүргізілуде.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — ең алдымен өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығына деген жауапкершілік. Өрт сөндірушілер жылыту маусымында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Әйгерім Тоқпанқызы