Павлодарда жұмысшы мамандықтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жалпы 30-ға жуық кәсіпорын 300-ге жуық бос жұмыс орындарды ұсынды. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар қатарында Аманат партиясы да бар. Толығырақ тілші сюжетінде.
Дәстүрлі түрде «Астана» мұз айдынында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Павлодар облысының тұрғындары алдымен тіркеліп, кейін екі қолға бір күрек табуға кірісті.
Мерғали Жүсіп, «Жастар рухы» жастар қанатының Павлодар облыстық филиалының төрағасы
Бүгін «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының еңбек мобильділігі орталығымен жәрмеңке өтікізіп жатырмыз. Биылғы ерекшелігі жұмысшы мамандықтарға арналып отыр. Осындай жәрмеңкелер бүкіл облыста өтуде.
Осы ретте, жұмыс берушілер қатарында ірі өндіріс орындары, зауыттар, білім беру, медициналық мекемелер мен сауда орталықтары болды. Жәрмеңкеде токарь, электр монтаждаушы, газдәнекерлеушілер, аспазшылар, жүргізуші мұғалім, күзетші мамандықтары ұсынылды. Жалпы 30-ға жуық кәсіпорын 300 жуық бос вакансия ұсынды. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар кәсіпорын өкілдерімен тілдесіп, кеңес алып, өздеріне ыңғайлы тұстарын түртіп алды.
Қазбек Жомартов, Павлодар облыстық еңбек мобильділігі орталығы басшысының орынбасары
Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл жұмысшы мамандықтар өтіп жатыр. Сәйкесінше шаралар жоспары құрылды. Оның аясында бүгін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Алдымен білім беру орындарында мамандық таңдау бойынша кеңес береміз, онда кейін Жоғары оқу орындарында, колледждерден кейін жұмыс табуына, істеп кетуіне көмектесеміз.
Оқуын енді аяқтаған жастар келіп, түйіндемелерін қалдырып жатты.
Жандос Медеу, Павлодар қаласының тұрғыны
Осы жерге бос орындар жәрмеңкесіне келіп едім. Павлодар мұнай-химия зауытына бардым. Биыл мен мұнай-газ ісі мамандығы бойынша оқуымды аяқтадым. Қазір жұмыс іздеп жүрмін. Өзімнің мамандығым бойынша. Өз резюмемді қалдырдым.++++ кездесуге шақырды. Өте қуанышты болып тұрмын.
Айта кетейік, Қазіргі таңда өңірлік нарықта өнеркәсіптік салада металлург, токарь, слесарь, мұғалдімдер, құрылысшылар, дәрігерлер тапшы екен.
Самал Қалиқызы