Павлодарлық студенттерге қылмыстық кодекстегі кейбір өзгерістер түсіндірілді. Енді некеге мәжбүрлеп, адамды аңдып, сталкинг жасауға заңмен тыйым салынады. Тілішімз айтсын.
Енді жеке тұлғаның шекарасын бұзып, психологиялық қысым көрсеткендер жазаға тартылады. 16 қыркүйектен бастап сталкинг туралы жаңа заң күшіне енді. Бұған дейін мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік болмаған. Енді жеке тұлғаны аңдып, қайта-қайта телефон соғып, интернет арқылы бақылап, қорқыту қылмысқа жатады. Мұндай қадамға барғандар 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлейді. Сондай-ақ түзеу жұмыстарына тартылып, 50 тәулікке қамалады. Осы ретте павлодарлық студенттерге заңдағы өзгерістер түсіндірілді.
Сүйіндік Қайырбаев, Павлодар облысы пд киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі
Бүгінгі таңда біз студенттер арасында киберқылмысқа қарсы қандай іс қимылдар жүргізіп жатқаны, түсіндіріп жатырмыз. ҚК 232 бабы, 1 бөлімі бойынша жаңа бап енгізген болатын, ол дроперлерге байланысты. 16 қыркүйектен бастап жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, некеге мәжбүрлегендер де жазаға тартылады. Қылмыстың құрамына қарай 2000 АЕК көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сүйіндік Қайырбаев, Павлодар облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі
Қазіргі таңда цифровизация даму заманына байланысты. Интернет алаяқтық қарқынды дамып келеді. Алаяқтар ол өздерінің казпочта, егов арқылы өздерін таныстырып, 1414 смс кодты сұрап алып, қорқыта бастайды.
Яғни сценарий бойынша жәбірленуші азаматқа бірнеше рет хабарласып, көмек ұсынбақ болады. Бірақ соңында алаяқтық процестің қалай жүзеге асқанын байқамай да қаласыз. Сондықтан қазіргі заманда барынша абай болған абзал дейді полицейлер.
Самал Қалиқызы