Алаш жұртының бір туар тұлғасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Есімі елге зерттеуші, геолог, академик ретінде танылған. Бүгінде оның есімін елі мақтан тұтады. Біздің арнамыздың түсірілім тобы Ұлытау облысына арнайы барып, атақты жерлесіміз көп жыл еңбек еткен Жезқазған қаласында болды.

Ғалым Қаныш Сәтбаев артынан өшпестей із қалдырды. Бүгінде ол еңбектері еліне, туған жеріне өз жемісін беруде. Ал Сәтбаев феноменін келер ұрпақтар да ұзақ уақыт зерттеп, дәуір адамының барлық жаңа қырларын аша түспек.

САҒЫНДЫҚ ҚОЖАМСЕЙІТОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мен ойлаймын 19 ғасыр қазаққа Абады берді деп.Абай – қазақтың жан-дүниесін өзгертіп, заманының тілегіне сай, қазақ баласы қандай болу керектігі жолын ашып берді. Қазақтар бақытына қарай бүкіл әлемдегі құрлықтың 9 процентін жайлап отыр. Осы 9 процент құрлықтағы байлықты игеру, елді дамытуды көрсету үшін әлем бізге Қаныш Сәтбаевті сыйлады. Қаныш Сәтбаев 20 ғасырдың ұлы тұлғасы деп айта аламыз.

Ардагердің айтуынша, академиктің мерейтойын атап өту бір сарынмен емес, жаңашылдыққа,жастарға үлгі болатындай өткен жөн дейді.

САҒЫНДЫҚ ҚОЖАМСЕЙІТОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Біз Сәтбаевты оқимыз, қадір тұтамыз. Ал қазіргі ұрпақтың міндеті: осы ұлан байтақ Қазақстанның табиғи байлығын халық игілігіне пайдалану. Биыл өтетін Сәтбаевтың 125 жылдығы , үлкен жиындар бұрынғыдай сөзбен шектелгеннен гөрі, Сәтбаевтың өсиеттерін, ұлы ғылыми нәтижелерін іске асыруға, бағалауға және дұрыстауға бағытталады деп ойлаймын.

Академик Қаныш Имантайұлы саналы ғұмырын туған елі мен туған жерінің өсіп-өркен¬деуіне, гүлденуіне арнап, сол жолда аян¬бай еңбек еткен, өз бақытын адал еңбе¬гінен тапқан өнегелі өмір иесі болып қала бермек.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА. Ұлытау облысынан