Облыс бойынша биыл 196 азаматқа асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалған. Ол қалай төленеді? Төлемді алу үшін қандай құжаттар керек? Бұл туралы тілшіміз баяндайды.

Арнайы жәрдемақыны қайтыс болған адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері ала алады. Олардың қатарына кімдер кіретіні туралы мамандар айтып берді.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың да төлем алуға құқығы бар. Жәрдемақыны алу үшін бірнеше құжат қажет.

Қажет болған жағдайда орталық қызметкері егер анасы әкесі туралы мәліметтерді өз бетімен енгізген болса, туу туралы акт, оқу орнынан анықтаманы немесе баланы асырап алу туралы құжатты талап ете алады.

Қымбат Садық, Жұлдыз Қабылденова