Негізгі Жаңалықтар Балалар арасында вирустық инфекция жұқтыру байқалады

Балалар арасында вирустық инфекция жұқтыру байқалады

Павлодарда балалар арасында «Гепатит А» вирусы мен ішек инфекциясы байқалады. Балада қандай белгілер болуы мүмкін? Оның алдын алу шаралары қандай? Толығырақ алдағы сюжетте.

Облыстық балалар ауруханасында гепатит А вирусын жұқтырған 2 бала наурыз айында тіркелген. Қазір 1 бала қажетті ем алып жатыр. Вирустың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауырсынуы болып келеді.

Гепатит А ересек адамдар да сирек кездесуі мүмкін. Ал балалар арасында оның алдын алу үшін вирусқа қарсы екпе алған абзал,-дейді сала мамандары.

Сонымен қатар, биыл өңірде 501 бала Ішек инфекциясымен ауырған. Қазір стационарда 55 бала ем қабылдап жатыр.

Негізінен, қазіргі уақытта ата-аналардың көпшілігі балалары ауыра қалса, өзім білемге салынып, халық емін қолданады. Бұл дұрыс емес дейді мамандар. Уақытында дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Қымбат Садық


Бөлісу