Көктем келді, күн жылынды. Тұрғындар жеңіл көлік түрлерін пайдалануды бастады. Осы орайда полиция қызметкерлері қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Бұл көлік құралын пайдаланудың өз ережесі бар. Мәселен, рөлді ұстамай жүруге, жолаушы мен жүк тасымалдауға тиым салынады. Жақын жерде велосипед жолы болған кезде жолда жүруге болмайды.

Жүргізушілерге дулыға, тізе мен шынтақ жастықшаларын қолдануға кеңес береміз. Сонымен қатар, электр скутерлеріне барлық ескертпе құралдары орнатылуы керек.

АБЫЛАЙХАН АЛПЫСБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ПЖҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

 Көліктің бұл құрал түрін қолданушылар, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтағаны жөн. Жалға берілген құралдар үшін оның иесі жауапты. Тәртіп сақтау өміріңіздің кепілі. Және айналаңызға төнетін қауіпітң алдны-алады.

Сондай-ақ, түнгі уақытта жол қозғалысының басқа қатысушыларының назарын аудару үшін жарық шағылыстыратын костюмдер болуы керек.

 Полицейлер электр скутерлерін кез-келген жерге тастап кетуге болмайтындығын да ескертеді.

Жанасыл Серікбол