Қаныш Сәтбаевтың геологиялық, ғалымдық өмір жолы Қарсақбаймен тікелей байланысты. Биыл Қарсақбайдың алғашқы қара мысы алынғанына 96 жыл толады.

Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысының басында Атбасар түсті металлдар тресі геологиялық барлау бө¬лімінің бастығы және бас геолог болып тағайындалған Қаныш Сәтбаев 1941 жылға дейін Қарсақбайда аянбай еңбек етті. Үлкен Жезқазғанның іргетасын қалап кетті. Мұндағы өндіріс тарихы Сәтбаев тағдырымен тамырлас. Бүгінгі таңда, Қарсақпай металлургия зауытының цехтарында 136 адам еңбек етеді. Қарсақбайдағы тар табанды темір жол көпірінің салынғанына ғасырға жуық уақыт өтті. Алғашқы қара мыстың алынғанына биыл 96 жыл толады.

МҰРАТ МАТКЕНОВ, ҚАРСАҚПАЙ МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Айта кету керек, биыл Қарсақпай мыс зауытында алғашқы мыстың балқытылғанына 96 жыл толады. Қанша уақыт өтсе Қарсақбай зауыты жемісті жұмыс істеп келеді. Тек жұмыс барысы біршама өзгерді, бүгінгі таңда шойын құюмен айналысамыз. Біз металлургия зауыты ғана емес, сонымен қатар Қарсақбай кентін ауызсумен және электр көзімен қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл басты приоттеріміздің бірі деп айта аламын

Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаевтың бастамасы мен табандылығының арқасында Жезді дала кентінде марганец өндіретін ең ірі кеніш іске қосылды. Осы зауыттарда құйылған 10 оқтың 9-ы қазақстандық металдан жасалды. Бұл Ұлы Отан соғысы жылдарында жеңіске жетудің бірегей жолы болған еді.

ЗЕЙПІН ҚАЗАНБАЕВА, МӘПЕН ТӨРЕГЕЛДИН АТЫНДАҒЫ ТАУ-КЕН ЖӘНЕ БАЛҚЫТУ ІСІ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ

Осы Жезді марганец кенішінде 1942 жылы июнь айында, небәрі 38 күнде ұлы ғалым, геолог Қаныш атамыздың жекелей өзінің тікелей тәуекелімен ашылған рудник. Осы Жезді руднигі сол уақытта Кеңестер Одағы бойынша Орта Азияда өндірілетін марганецтің үлес салмағы қорғаныс зауыттарында 80 пайызға жеткен еткен

Ел өндірісінің өркендеу тарихына өлшеусіз үлес қосқан Қаныш Имантайұлын халқы зор мақтанышпен айтып, есімін ардақтап жүрері анық.

Қымбат Садық