Қазақстан Халықының Бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты көрме өтті. Ол Шығыс Қазақстан облысынан келді. Толығырақ тілші тарқатады.
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығымен Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі арасында әріптестік байланыс жақсы дамыған. Мәселен, келісілген меморандум аясында бірлік күніне орай өзге ұлт өкілдерінің киімдері қойылған көрме өтті.
СӘУЛЕ ТАЛДЫБАЕВА, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СӘУЛЕТ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙ ҚОРЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Біздің көрмеміз келе жатқан мереке Қазақстан Халқының бірлігі күніне арналған. Мұнда музейіміздің қорынан жинақталған халық костюмдары әкелінді. Көрмеде осы біздің Қазақстанда тұратын ұлттардың ұлттық киімі көрсетілген
Қазақ – бауырмал халық. Қазір бір шаңырақ астында түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Көрмеде халықтар этнографиясы және аз санды этнотоптар бөлімі өзге ұлттардың 30 киімін ұсынды.
Бірлік деген біздің ұлттық құндылығымыз. Айта кетейік, «Бір шаңырақ астында» атты халық киімдері көрмесі қаламызда «Ертіс» музейінде 1 ай бойы өтеді. Кіруі тегін.
Қымбат Садық