Жақында ұстаздарының көмегімен ауылдарында жергілікті арна ашқан оқушылар жайында хабар шығарған едік. Бүгін жас журналистер арнамыздағы «Жаңа күн» бағдарламасына келіп, сұхбат берді. Толығырақ тілшіміз жалғастырады.

Розовка мектебінің шәкірттері Софья Домнич пен Юлия Лобанова болашақта танымал тележүргізуші болуды армандайды. Оның орындалуы үшін қазірден бастап талпынып, ауыл жаңалықтарын көрерменге ұсынып жүр. Атап өтерлігі – жаңалықтарды тек қазақ тілінде шығарады.

Жас журналистер бүгін, аймығымыздың басты «Ертіс» арнасының тынысымен танысып, өздеріне қызық сұрақтарға жауап алды.

Жас журналистер жаңалықтар топтамасын аптасына бір рет шығарады. Арна жұмысымен танысу да шығарылымдардың одан әрі қызықты болуына әсер етіп, оқушылардың тілші болуға деген құлшынысын одан әрі арттырары анық.

Жұлдыз Қабылденова