Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында жаңа үйлерді салу басталды. Құрылыс жұмыстарының алғашқы қадамдарын біздің түсірілім тобы көріп қайтты.

Жалаулыда тасқыннан 14 үй зардап шеккен еді. Олардың бесеуі апатты деп танылған. Ол үйлердің орынан жаңасын салу жергілікті серіктестіктің мойнына жүктелген.

Жалпы, тасқыннан зардап шеккендерге көмек, демеушілер тарапынан жүруде. Қиын сәтте ешкім аянып қалған жоқ. Бай-бағландардан бастап, қарапайым жұртшылыққа дейін қол ұшын созды. Міне, жаңа баспананың да құрылысы жүруде. Жаңа үйге иелік ететін жандардың бірі Мархабат Сматаев.

Ақтоғай ауданында қардың күрт кетуі наурыздың 28-і басталды. 2-сәуір күні Жалаулы ауылының үйлері су астында қала бастап, төтенше жағдай жарияланды. Салдарынан 5 үйге қатты зақымданып, апатты деп танылды. Жалаулы ауылында 70- тен аса үй бар. Негізгі шаруалышгығы төрт түлік.

Жанасыл Серікбол