Павлодар қаласында 4 қабаттан бір жарым жастағы бала құлап, жарақат алды. Оқиға кеше кешкісін болған. Бөлмеде ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін терезеге шығып кеткен.

Баланың періштесі қағып, аман қалды. Балалар ауруханасына шұғыл түрде жеткен бүлдіршінді мамандар тексеріп, диагностика жасаған. Бас ми жарақатын алған балақай қазір травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

АРДАҚ ҚАБДЫЛМАРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Бірден жедел жәрдеммен жарақат пунктіне жеткізілді. Кезекші тарвматолог, реанимолог, хирургтермен қаралып, компьютерлі диагностика жүргізіліп, бала тарвматология бөлімшесіне жатқызылды. Бала құлаған уақытта есінен таңбаған. Қараған кезде бала белсенді, бас ми жарақатымен травматология бөлімшесіне жатқызылды. 01:46// СКЛЕЙКА// 01:47// Өте сирек кездесетін жағдай. 4 этаж жоқ деенде қол аяғы сынып жатады. Бұл жағдайда бала басы, қол аяғы сынбаған. Тек жарақат алып травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Былтыр өңірде биіктіктен құлаған 21 бала жарақат алды. Биыл 7 жағдай орын алып отыр. Дәрігерлер бұл қайғылы оқиғалардың орын алуы ересектердің салғыртығынан деп айтады.

Әйгерім Тоқпанқызы