Павлодарлық жастар жалғызбасты зейнеткерлердің үйлерін жинап, қарларын тазалап берді. Сөйтсек, аманаттықтар дәстүрлі түрде әр бейсенбі сайын осындай қамқорлық шараларын жүргізеді екен.

Павлодар қаласының тұрғыны Раиса Бейсенғалиқызының жасы 70-те. Бүгін «Аманат» партиясының жастары жалғызбасты әжеге қолұшын беруге келді. Ауладағы қарын тазалап, сыртқа шығарып берді. Әжеміз жастарға алғысын жаудырды.

Раиса Кернеева, Павлодар қаласының тұрғыны

Мына аманат партиясы келіп көмектеесіп жатыр, еңбектерін жемісті болсын. Жолдасым Алюминий зауытытта көп жыл еңбек істеген. Сондықтан ылғи волонтерларды жіберіп отырады. Адал еңбек мол табыс тілеймін сендерге, зор денсаулық тілеймін. Жақсылықта сәттілікте кездесейік, Көп көп рахмет.

«Таза бейсенбі» акциясы аясында «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері әр бейсенбі күні үй-үйді аралап тұрады. Жеке сектор болса, осылай аумақтағы қарларын тазалап, қыздар үй ішін жинастыруға көмектеседі. Жастар жалғызбасты қарттарға ғана емес, көпбалалы отбасыларға да барып қолұшын береді екен.

Мерғали Жүсіп, «Аманат» партиясы «Жастар рухы» ЖҚ ПОФ төрағасы

Бүгін біз «Ардагерлерді ардақтайық», «Таза бейсенбі» акциясы аясында жастармен егде жастағы адамдарға көмектесуге келдік. Мақсатымыз олардың үй жұмысына көмектесу, үйін жинау, қарын тазалау. «Таза Қазақстан» Президентіміз айтқандай, тек тазалық жұмыстары емес, сананың тазалығы. Жастарды осындай жұмыстарға шақырамыз.

«Таза бейсенбі» акциясы бұл тек қана санақ, статистика үшін жасалмайтын дүние. Бұл қазақтың бұрыннан қалған асар дәстүрінің жалғасы деуге болады. Көмекке мұқтаж жандарға қолұшын берген жастар үшін атаның батасынан артық бар ма?!

Самал Қалиқызы