Облыстық кітапханада жас ақын Еламан Қабділәшімнің жаңа жыр жинағы таныстырылды. Кітап «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында жарыққа шыққан. Шараға жиналған қаламгерлер, оқырмандар мен студенттер кітаптың көркемдік мазмұнына тоқталып, ойларын айтты.

Еламан Қадбіләшім бұған дейін де бірнеше кітап шығарған. Алайда, бұл жолғы жинақтың жөні бөлек. Көлемі де үлкен, көркемдік мазмұны да қанық. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар Одағының бірлесіп атқарған мемлекеттік жобасы аясындағы Қарағанды облысына сапары – осынау кітаптың жарыққа шығуына себеп болды.

Еламан Қабділәшім, ақын, «Болмысымның бояуы» жинағының авторы

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына, оның ішінде Шайтанкөлге, Қалибек Қуанышбаевтың туған жеріне, Қасым Аманжоловтың атажұртына табаным тиді. Одан кейін Ақтоғай ауданына, әйгілі Беғазы-Дәндібай кешеніне, Талдыбиікке, Арқаның үш арысы Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев туған топыраққа табаным тиді. Сол жақтағы елдің, жердің тарихын жақсы білетін өлкетанушы, журналист, ақын ағалармен, достармен кездестім, пікірлестім, мол мағұлмат алдым.

Осылайша жыр жинағы жарыққа шықты. Оқырмандар қолына тиді. Танысып үлгерген аға буын өкілдері, замандастары мен студенттер жылы пікірілерін айтты. Ақынға осынау еңбегі үшін сый да тартылды. Құрметте те көрсетілді. Оқырмандар арасында алыстан, Баянауылдан келген қадірлі қонақтар да бар.

Мұхамет-Қайыр Шәріпов, өлкетанушы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі

Баянауыл жалпы киелі жер екенін білесіздер. Көптеген академиктер, жазушылар, өнер иелері дүниеге келген. Солардың соңына ала осы бауырымыз шығып тұр. Ғұмыр жасы ұзақ болсын! Бүкіл қазақ халқына танымал болсын! Абай Құнанбаетай болмаса да сол кісінің ғылымдағы, өнерлегі жолын берсін!

Артынша ақын өлеңдерін оқып, жиналған қауымға жыр шашуын арнады.